«Қазақ әдебиетінің патрйархы»

 Сайын Мұратбеков қазақтың белгілі жазушысы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жазушының дүниеге келуі ашаршылық сұрапыл соғыс жылдарымен қатар келген.  Ол 1936 жылы Алматы облысы, Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. Мұратбек ата оның үлкен атасы. Баласы қайтыс болғаннан кейін, бірі бес, екіншісі үш жастағы қос немересімен қалады. Бес жастағы немересі Сапарғалидан өмірге Сайын келеді. Кішкентай бала күні соғыспен дәлме дәл келіп, әкесі майданға аттанып кетеді. Содан кішкентай шөбересін бауырына басып, Мұратбек атасы бағып қағады. Алты жасқа келгенде, сонау 42-ші жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Содан Сайын алты жасында жетім қалады. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға жетімдікті сездірмеуге тырысып қайтадан Сақыпжамал деген кісіге үйленеді. Ол кісі екінші анасы болды. Қазіргі тәуелсіз заманда қазақ әдебиеті жылдан-жылға дамып, рухани жаңару үстінде десек те, 1960-1970 жылдары қара сөздің қан майданына енген, майлы сияларын қазақтың өміріне арнаған әдебиеттің тума талант, дарындылары батыл қадам жасап, елдің тұрмыс-тіршілігін, қайғы-қасіретін, заманының ащы шындығын суреттеуге бар күш жігерін салғанын аңғарамыз. Қазақ әдебиетінде артында дара қолтаңбасы қалған Сайын Мұратбеков бірнеше повестер мен әңгімелер жазған, әр шығармасында тың тақырып, дара тәсіл қолданған, шынайы образдар мен көркемдік ізденістер, әр алуан бейнелер жасай алған бірегей жазушыларымыздың бірі. Сөз өнеріне қанық, қисынын тауып, қиуадан шапқан қара сөздің майын ішкен тума талант иесі әдебиеттің алтын қорына «Жабайы алма» (1972), «Көкорай», «Басында Ұшқараның» «Қалың қар»(1989 ), «Өліара» (1995), «Жусан иісі», т.б әңгімелері секілді шығармалар топтамасын енгізді. Әрбір жазушының әдебиет тарихында орнын белгілейтін ерекшелігінің болуы, оның әдебиеттен ойып тұрып орын алатындығы заңды құбылыс. С.Мұратбековтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор және өмір шындығын кестелі көркем сөзбен суреттеп, кейіпкерлердің өзіндік символы, олардың жан дүниесін жасандылықтан аулақ етіп шындықпен бейнелейді, ауыл өмірі, еңбек адамдарын, тарих толқынындағы соғыс алапатының зардабын тың шеберлікпен суреттейді.

2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2007 жылы дүниеден озды.

 

Денисов орталық аудандық балалар

кітапханасының кітапханашысы

Жакипова А.У.

 

 

Вам также может понравиться

Об авторе Denisovka-cbs

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *