«Ыбырай Алтынсарин — ұлы дала баласы»

«Ыбырай Алтынсарин — ұлы дала баласы». Ұлы педагог, ағартушы, балалар әдебиетінің атасы, қазақ халқының дара ұстазы Ы.Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында дүниеге келді. Биылғы жылы ұлы бабамыз 180 жасқа толып отыр. Әдебиет сахнасынан, ағарту саласынан ойып орын алатын Ы.Алтынсарин ұлы дала ұландарына білімнің нәрін берген ұстаз ретінде есте сақталған ұлы тұлға. Ыбырай қысқа өмірін өзі жан — тәнімен сүйген халқының бақытты болуы үшін ауадай қажет білім беру, мектеп ашу сияқты шарапаты мол зиялы іске арнады. Қараңғы түнекте қамалған халқын надандықтан құтқарып, көзін ашу, ағарту оның мәңгілік арман – мұраты болды. Ыбырай Алтынсариннің тұңғыш қазақ еліне ашқан мектебі болашаққа деген сенімді қадамның алғашқы баспалдағы секілді. Бүгінгі күнде қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алып, еліміздің далақоңырауы атанды. Білім нәрін беретін алтын ұя мектеп ашып, оқу-білім ұранын көтерді.

Бастауы бар бұлақтың ұзақ ағатыны секілді іргетасы берік қаланған Ыбырай мектептері бұл күндері салтанат құрып, білімнің туын көкке желбіретті. Елді қорлықтан құтқаратын, игіліктің жолына бастайтын тек білім деп есептеді. Жас буындарды әдебиетке баулып, өзінің «Қазақ хрестоматиясы» деген еңбегін шығарды. «Кел, балалар, оқылық» деп халық үшін ғылым мен білімнің айрықша ұғымдарын түсіндірді. Сол кезеңдегі халықтың жағдайы мәз болмады. Сол себепті де көптеген балалар мектеп табалдырығын аттай алмады. Ыбырай Алтынсарин қазақ буындарының «Көзі ашық, көкірегі ояу» болғанын қалады, әрі сол үшін аянбай еңбек етті. Ыбырайдың басқа ақын – жазушылардан ерекшелігі өскелең ұрпаққа ең алғаш білім ордасын ашып берді. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын бүгінгі жастар ұмыт қалдырмауымыз қажет. Ыбырай өзінің қазақ екенін жадынан еш уақытта да шығармағанын өлең, шығарма жұмыстарынан аңғаруға болады.

Қазіргі күнде еліміз тәуелсіздікте, еркін өмір сүріп жатыр. Бұл әрине ата-бабаларымыздың арқасы. Елбасымыз жастардың ғылым мен білімге бет бұруы үшін бар қолдауды көрсетіп, жағдайын жасауда. XXI ғасыр ғылымның дамыған кезеңі. Бізге берілген мүмкіндік бұрын қазақтың қарапайым қара домалақ балаларына бұйырмады.

Ы.Алтынсаринның 180-жылдығына орай Денисов орталық аудандық балалар кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ағартушының шығармалары, өлеңдер жинағы,ертегілер кітабы ұсынылған. Педагогтың өмірі және қызмет жолы туралы ақпарат алуға болады.

Қорыта келе айтарым, баба еңбегінің өтеуі ретінде тал бесіктен жер бесікке дейін іздене жүріп, білім алып, оны туған халқымыздың игілігіне жұмсайық, жастар!

 

Денисов орталық аудандық балалар

кітапханасының кітапханашысы

Николаенко М.А.

Вам также может понравиться

Об авторе Denisovka-cbs

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *