Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында 29 қараша күні сағат 11-де аудандық мәдениет үйінде Денисов орталық аудандық кітапханасы жастарға арналған «Еліне сүйікті Елбасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің спикерлері Денисов ауданының дамуына үлкен үлес қосқан адамдар болды: «Фрунзенское» ЖШС директоры, Денисов ауданының Құрметті азаматы – Шерер Н. Н. облыстық мәслихаттың депутаты, Фрунзенское ЖШС құрылтайшысы – Шерер С. Н., аудандық мәслихаттың депутаты, Қырым 110/35 қосалқы станциясы
ның кезекші электр монтері — Захарчук В. В., Свердлов орта мектебі директорының міндетін атқарушы — Михайлев Р.Н., «Денисов аудандық мәслихатының аппараты» ММ хатшысы — Мурзабаев А.И., Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы — Моргуль Г.П., Денисов тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі Таран Н. И.
Іс-шара барысында Елбасының Денисов ауданы мен Қостанай облысына жасаған сапарлары туралы «Біздің Елбасы» презентациясы ұсынылды. Іс-шара қонақтары Елбасымен болған кездесулерден алған әсерлерімен бөлісті. Н.Ә.Назарбаевтың «Мемлекеттіліктің жеті тірегі» қағидаттарының жиынтығы ашылды. Іс-шара соңында жас ұрпаққа тілек сөздерін айтылды .