2019 жылдың 1 наурызында Денисов орталық аудандық кітапханасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында қалың оқырман қауымына 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Алғыс – сөздің асылы» бата беру сайысын өткізді.
Іс-шараның мақсаты қазақ халқының тілін және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, шешендік сөзге қызығушылық таныту.
Іс-шарада «Алғыс – сөздің асылы» бата беру сайысында №3 Денисов орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс үш кезеңнен болды: «Сәлем — сөздің анасы» сәлемдесу кезеңі, «Алғыс — сөздің асылы» бата беру кезеңі, «Қазақтың ырымдары – тиымдар» сұрақ – жауап кезеңі. Қатысушылар жақсы білімдерін көрсетіп, тең нәтижеге ие болып, мадақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар мен көрермен назарына «Алғыс айтып жүрейікші адамдар!» бейнефильм көрсетіліп, «Ақ бата – асыл мұра» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
В рамках статьи Президента Н.А.Назарбаева «Семь граней Великой степи» проекта «Тысяча лет степного фольклора и музыки» 1 марта 2019 года Денисовская центральная районная библиотека для широкого круга читателей ко Дню благодарности провела конкурс бата «Алғыс – сөздің асылы».
Цель мероприятия — воспитывать уважение к языку, традициям казахского народа и прививать интерес к красноречию.
В мероприятии «Асыл – сөздің асылы» конкурса бата приняли участие учащиеся 8 класса Денисовской средней школы №3. Конкурс состоял из трех этапов: «Сәлем — сөздің анасы» этап приветствия, «Алғыс — сөздің асылы» этап умения сказать красивое бата, «Қазақтың ырымдары – тиымдар» этап вопросов и ответов. Участники показав хорошие знания, добились одинаковых результатов, были награждены грамотами и подарками. Вниманию зрителей и участников был представлен видеосюжет «Алғыс айтып жүрейікші адамдар!» и организована книжная выставка «Ақ бата – асыл мұра».